Белгілі журналист Серік Аббас-Шах Іnstagram желісіндегі парақшасына бұрынғы Мәдениет және спорт министрі, Ұлттық музейдің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлының бейнежазбасын жүктеді. Онда экс-шенеунік пианино аспабының сүйемелдеуімен өзге тілде ән шырқап отыр. Оның өнеріне журналист «Не деген ғажап дауыс! Не деген талант!» деп тамсана жазған. Бейнежазбаға желі қолданушылары түрлі пікір білдірген. «Осы кісі министр кезінде өнер саласында неге өзі сияқты таланттылар көбейіп кетті десем, бұл көкем өнерді жақсы түсінеді екен ғой», «Осындай талантпен ұзаққа барасыз», «Концертіне шақырса, қалмай барамын», «Димаштан да асып кетіпті ғой» деп жазғандар бар. Енді біреулері «Сіз осы кісімен қатты қалжыңдасасыз. Жақсы сыйласасыз ғой деймін?», «Концерті қашан болады екен?» деп сұрайды. «Бекерден бекер Мәдениет министрі болмапты» дейді тағы бірі.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Serik Abas-shakh (@serik_abasshakh_officialpage)