Мемлекет басшысы ҚХА атынан ұсынылған Мәжіліс депутатын сайлауға қатысты
Мемлекет басшысы ҚХА атынан ұсынылған Мәжіліс депутатын сайлауға қатысты
Фото: akorda.kz
362
оқылды
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы ассамблеясы атынан ұсынылатын Мәжіліс депутатын сайлауға қатысты. Бұл туралы Ақорда хабарлады.   Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы ассамблеясының ХХХ сессиясы аясында ҚР Парламенті Мәжілісінің шығып қалған депутатының орнына ҚХА атынан ұсынылатын депутатты сайлауға қатысып, дауыс берді.    width= Президент дауыс бергеннен кейін депутаттыққа үміткерлердің сенімді өкілдерімен әңгімелесті. Мемлекет басшысы алдағы уақытта Конституцияға өзгеріс енгізілетіндіктен мұндай форматтағы сайлау соңғы рет өтіп жатқанын атап өтті.
– Бірақ біздің Парламентте Қазақстан халқы ассамблеясының тиісті орындары сақталады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Конституцияға өзгертулер енгізуді ұсынған болатын. Осы ретте ҚХА квотасы Мәжілістен Сенатқа ауыстырылып, депутаттар саны 9-дан 5-ке дейін қысқарады.