Сарыағаш ауданыда сотталған жастар әулиелерді аралаумен қатар, сол мекендерді қоқыстардан тазалау жұмыстарын да жүргізіп, қоғамға өздерінің пайдасын тигізді.
Сарыағаш аудандық пробация қызметі мен аудандық Жастар ресурстық орталығы бірлесіп, пробация қызметінде есепте тұрған 15 сотталғаннан тұратын ерікті топ құрды. Пробация есебінде тұрған жастарды қоғамдық өмірге бейімдеу мақсатында Дарбаза ауылдық округінде орналасқан Ердәуіт баба тарихи, киелі орнымен таныстырды. Олар киелі орынға саяхат жасап қана қоймай, сол мекендерді әртүрлі қоқыстардан тазалау жұмыстарына өз үлестерін қосып қайтты. Аталған мекеме қызметкерлерінің мақсаты, пробация есебінде тұрған сотталған жастарды қоғамға бейімдеу болып табылады.
Ердәуіт баба тарихи киелі орны Сарыағаш ауданы, Дарбаза ауылынан 36 шақырымдай жерде орналасқан. Ердәуіт баба темірдің ұстасы. Ердәуіт баба жайының Шығыс беткейіндегі 2 қырдың астында суы шипалы 5 бұлақ бар. Жастар экскурсия барысында киелі орындардың маңына тазалық жұмыстарын жүргізіп, жастар киелі орынның тарихымен жіті танысты. Жастар ресурстық орталығы мен пробация қызметінің қызметкерлері ұйымдастырған бұл сапар азаматтардың туған өлке тарихына деген қызығушылықтарын арттырды.
Есепте тұрған азаматтар әртүрлі қылмыспен жауапқа тартылған. Абайсызда қылмыс жасаған адам психологиялық дағдарысқа ұшырайды. Олар қоршаған ортамен де және қоғамнан моральдық тұрғыда іштей болса да шететіледі. Осыны ескере отырып Сарыағаш пробация қызметі мен Жастар ресурстық орталығының мамандары экскурция ұйымдастырып киелі мекендерді аралап, есепте тұрған жастарға тарихи мекеннің тарихымен таныстырды. Сонымен қатар, әулие басына барып құран бағыштады.
Тарихын білген және оны қадірлеп силаған ұрпақтың болашағы әрдайым жарқын болады. Оған әлемде көптеген мысалдар бар. Біздің елімізде де тарихи, рухани құндылығы бар мекендер аз емес. Солардың бірі Сарыағаш ауданы, Дарбаза ауылдық округінің маңында орналасқан «Ер Дәуіт» және «Шаймерден» әулиелері. Бұл орындарға еліміздің түпкір түпкірінен зиярат етуші адамдар ұдайы түрде келуін тоқтатпайды. Осы себепті ол елді мекеннің тазалығына да мән берген жөн. Сол мақсатта көптеген еріктілер бұл мекенің таза қалпында тұруына ат салысуда. Бұл ізгі іс шарадан Сарыағаш аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарда шетте қалған жоқ.
Ал, Сарыағаш аудандық пробация қызметі бөлімінің бастығы әділет майоры Қуандық Сартаевтың айтуынша осындай шаралар жиі ұйымдастырылып тұрады екен.
- Пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп сотталғандарды «Ер Дәуіт» әулиені аралатып, киелі мекеннің тарихымен таныстырып және тазалық жұмыстарын жүргіздік. Сондай-ақ, қайта қылмыстың алдын алу мақсатында жастарды жинақтап он бес сотталған азамат барды. Алдағы уақытта осындай игі-істер және де әртүрлі шаралар өз жалғасын табатын болады, - деді Сарыағаш аудандық пробация қызметі бөлімінің бастығы әділет майоры Қуандық Сартаев.
Дарбаза ауылы - Түркістан облысының Сарыағаш ауданында. Мән-мазмұны басқалардан ерекше Шаймерден атаның ұстаханасы мен мекені де осы жерде. Бір кездерде Дарбаза ауылы атауы айтып тұрғандай - қайсыбір бағыттағы маңызды қақпа болғанға ұқсайды. Ал шебер Шаймерден бабамыз қазақ елінің әскерлерін найза-қылыш, сауыт-сайманмен жабдықтаған. Жүре келе ұста болмаған, ұста болып туған. Ол-бұл темірді алақанымен балқытатын, әрбірден соң қолтыққа салып майыстырып, тіземен ие беретін балғабілек, көрікауыз шебер екен. Әуелде тек темір-терсекке байланысты кәсіп иелері медет сұрайтын баба, кейін кәсіптің барлық түрінің піріне айналған.
Аталған экурсиядан алған әсерімен бөліскен Нұржап тарихи мекен жайында естігені болмаса, бұл жерге осы кезге дейін келіп көрмегенін жасырмады.
- Мен осы экскурцияда көп нәрсені білдім. Біздің ауданымызда киелі әулиелердің тарихымен таныстым. Тарихы тереңде жатқан «Ер Дәуіт» бабам жайлы естіген ақпараттпен бөлісе кетейін. Дәуіт бабамыз, темірдің пайғамбары болған екен. Сонымен қатар, әулие жайында дәстүрлі орта түсінігі бойынша ұста, зергерлердің дем берушісі, темір ұстасының пірі, жебеуші рух-ие. Бұл ұғым қазақ қана емес түркі тілдес өзге де халықтардың, әсіресе Орта Азия халықтарының наным-сенімінде берік орныққан. Байырғы қазақ ортасында металл өңдеу, оның ішінде алтын күміс өндірудің негізі, сондай-ак тері өңдеу, ағаш ұқсату сияқты тағы басқа темір түрлерінің дамуы ерте кезінен, яғни Дәуіт бамаыздан бастау алады. Бізге жеткен аңыз бойынша, Дәуіт ұста жас кезінде сақпанмен Джалут (Голиаф) алыпты өлтіріп, ерлік көрсеткен, соған байланысты қазақтар оны «Ер Дәуіт» деп атайды. Қазақ ұсталары бір істі бастағанда «менің қолым емес, Ер Дәуіттің қолы» деп сыйынып, темірден қажетті құралдар жасарда арнайы дұға оқып, колдау сұраған, - деді сотталған азамат Нұржан.
Нұржан өзінің жасаған қателігіне өкінеді. Алдағы уақытта қылмысқа бойалдырмауға тырысып келеді. Ол мектеп кезінде тарихты қызығып оқитынын да жасырмады. Өзінің жазасын өтеп біткенен кейін еліміздің киелі жерлерінің тарихымен терең танысып, білімін жетілдіруді жоспарлап жүргенін де тілге тиек етті.
Пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтардың түзеліп, қоғамнан өз орындарын табатынына сенім артамыз.