Елорданың төрінде Роза Бағланова атындағы Қазақконцерт мемлекеттік концерттік залында балалар жылына орай балалар мен жасөспірімдерге арналған ең ауқымды жоба XV «Шаттық-2022» байқауының гала- концерті өтті. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.
«Балалар – шаттық ордасы» ұранымен өткен байқауға Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Берік Жәкенов, Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жұлдыз Сүлейменова, білім саласына еңбегі сіңген ардагер ұстаздар, сондай-ақ көрнекті саяси және қоғам қайраткерлері қатысып, жылы лебіздерін білдірді.Балалар өнерлі, талантты екендіктерін тағы бір дәлелдеген, қайталанбас кеш болды.