Алматы облысында 10 жастағы бала картингте көз жұмды
Алматы облысында 10 жастағы бала картингте көз жұмды
246
оқылды
Алматы облысының Іле ауданында картингте 10 жастағы бала қаза болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.
«Оқиға куәгерлерінің айтуынша, жеткіншек мінген картты оның артынан келе жатқан, карт қаққан. Соның инерциясымен жарыс машинасы қоршаудан бұзып шыққан. Куәгерлердің сөзінше, оқиға орнында Іле ауданы полициясының жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Тәртіп сақшылары қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Олар қазір куәгерлерден жауап алуда», – деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Әлеуметтік желіде мерт болған баланың туыстары түсіріп, таратқан видео жүр.