Бүгін ауа райы қандай болады?
Үсік жүріп, жауын-шашын болады: 30 сәуірге арналған ауа райы болжамы
1,710
оқылды

«Қазгидромет» синоптиктері 30 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Қазақстанның басым бөлігінің ауа райына батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктер әсер етіп, жаңбыр жауады, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта қатты жаңбыр жауады, оңтүстік – шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр мен қар жауады.

Республика бойынша желдің күшейіп, батыста, орталықта, шығыста найзағай ойнайды, батыста, солтүстік-батыста-бұршақ жауып, батыста, орталықта, оңтүстікте дауыл тұрады, оңтүстік-батыста, оңтүстікте шаңды дауыл, солтүстікте, оңтүстік-шығыста тұман болады.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, Павлодар облысының солтүстігінде 2 градус үсік жүреді.

Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, Қызылорда қаласының орталығында, Түркістан облысының солтүстігінде, Абай облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының батысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.