Әлеуметтік ғылымдарда әлемдік деңгейдегі университет: Ибн Халдун университеті
Әлеуметтік ғылымдарда әлемдік деңгейдегі университет: Ибн Халдун университеті
410
оқылды
Ибн Халдун университеті – қоғамға үлес қосуға басымдық беретін және барлық ақпарат көздерін ашық ұстайтын, халықаралық деңгейдегі әлеуметтік ғылымдар саласы бойынша ғылыми-зерттеу университеті. Біз 80-нен астам шет елдерден келген студенттерге студенттік қалашықтардағы қызықты өмірді ұсынамыз. Студенттерімізге студенттік қалашықтағы жатақханаларда тұру мүмкіндігін беретін университетіміз өз құрылымдарына, заманауи шарттардағы спорт кешендері, кіпатхана және басқа да қажеттіліктерге жылдам қолжетімділік арқылы студенттеріне көптеген жеңілдіктерді ұсынамыз. Университетімізде тіркелген 40-тан астам студенттік клуб өз ортаңызды кеңейтуге және оқуды бітіргеннен кейін жетілу үшін аса маңызды болып табылатын қарым-қатынас құралдарын игеруге мүмкіндік береді. ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ Университетімізде 6 факультет пен 11 кафедра және жүзден астам оқытушы сабақ береді. Зерттеу университеті болып табылатын Ибн Халдун универсиетіндегі бакалавритаттан кейінгі жоғарғы білімнің түрлі артықшылықтары бар. Түркиядан және шетелден мықты студенттерге саны шектеулі магистратура және докторантура мүмкіндіктері кейін оларға университетімізде ассистент болып жұмыс істеуге және тиісті деңгейде зерттеу жұмыстарын жүргізуге барлық мүмкіндіктер қарастырылған. ТҮЛІКТЕРІМІЗ ҮШ ТІЛДІ МЕҢГЕРІП ШЫҒАДЫ Ибн Халдун Университетінде әлемдік деңгейдегі білім беріледі. Түлектеріміз оқу аяқталғанан кейін ағылшын, араб және түрік тілдерінде академиялық деңгейде еркін меңгеріп шығады. Әсіресе Университетіміздің ұсынып отырған халықаралық студенттік ортасы студенттерімізге үйренген тілдерін тәжірибеден өткізуге, сөйлеу қабілеттерін жетілдіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар университетіміздің үздік студенттеріне Иордания және АҚШ-тағы жаз курстарында оқуға мүмкіндік беріледі. Оның үстіне бұл жазғы курстарда бір ай бойына тіл үйрену, академиялық дәрістер және экскурсиялар тегін. Ұшақ билеттері мен жататын орын ақысы да университет тарапынан төленеді. САЛЫСТЫРМАЛЫ БІЛІМ БЕРІЛЕДІ Бізді басқа университеттерден ерекшелейтін тағы бір нәрсе - барлық мамандықтарымызда салыстырмалы білім берілуі. Студенттер өздері таңдаған сала бойынша Шығыс пен Батыстың білімін салыстыра отырып білім алады. Осылайша әлеуметтік ғылымдарды терең меңгерген мамандар болып шығады. БІЛІКТІ ЖЕРДЕ САПАЛЫ БІЛІМ Ибн Халдун университеті «Дәстүрлі инновация» түсінігімен жүзеге асырып жатқан білім беру қызметін білім берудің мақсаты мен рухына сай орындарда жүргізуімен ерекшеленеді. Башакшехир және Бакыркөй Таш мектеп студенттік қалашықтарының жанында 2018-2019 жылынан бастап Сүлеймание кампусында да оқу-ағарту істерін бастады. Іргетасы 2018 жылдың 22 қазанында қаланған Ибн Халдун университеті кешенінде келесі жылы кейбір бастауымен университетіміз толық бір қалашыққа ие болады.