Бас санитар дәрігер вакцинаға қатысты жаңа қаулы шығарды

Бас санитар дәрігер вакцинаға қатысты жаңа қаулы шығарды

Бас санитар дәрігер коронавирусқа қарсы қайта вакциналауға рұқсат беретін қаулы шығарды. Ол 2022 жылғы 13 қаңтардағы №2 қаулыға өзгеріс енгізді.

«КВИ-ге қарсы, оның ішінде, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған вакциналармен вакцинациялаудың толық курсын қайта жүргізуге болады. КВИ-ге қарсы вакцинациялаудың толық курсын қайта жүргізуге егілетін адамның немесе оның заңды өкілдерінің профилактикалық егулердің қайталама курсын жүргізуге ерікті түрде хабардар етілген келісімін алғаннан кейін ғана осы алгоритмге 1-қосымшаға сәйкес  іске асырылады» делінген ресми құжатта.
Қаулының толық мәтінін мына сілтемеден оқуға болады.