Он миллион теңге несие алмақ болған 20 жастағы қыз 550 мың теңгесінен айырылды
Он миллион теңге несие алмақ болған 20 жастағы қыз 550 мың теңгесінен айырылды
Фото: twitter.com
619
оқылды
Он миллион теңге көлемінде несие алмақ болған 20 жастағы семейлік қыз алаяққа алданып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Семейде сәуір айының басында полицияға 20 жастағы тұрғын арызданған. Жәбірленуші қыз 10 миллион теңге көлемінде несие алмақ болып, алаяқтың құрбаны болғанын айтқан. Бейтаныс әйел оған «10 миллион теңге сомасындағы несиені ресімдеуге көмектесемін» деп оның 550 мың теңгесін иемденген. Жедел іздестіру нәтижесінде, полицейлер алаяқтық жасады деген күдікпен 37 жастағы жұмыссыз жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады. Күдікті кінәсін мойындап, қаражатты өз қажетіне жұмсағанын айтты. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.