Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров ресейлік тележүргізуші Тигран Кеосаянға жағымсыз тұлға мәртебесін беру мәселесімен айналысып жатыр.
«Ол елімізге кіргізілмейтін тұлғалар тізіміне енгізіледі. Бұл процесс басталды. Біз Сыртқы істер министрлігі ретінде ұсыныс енгіземіз. Бірнеше ведомствомен ортақ шешімге келеміз. Бұл бір күннің жұмысы емес, бірақ жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл қағаз құжат ретінде бекітілуі тиіс. Егер Кеосаян секілділер болса, оларды да қосамыз. Ең бастысы біздің мүддеміз қорғалуы тиіс», - деді Айбек Смадияров.
Бұған дейін ресейлік тележүргізуші Тигран Кеосаян сөзінен кейін қазақстандықтар ресейлік телеарналарды өшіріп тастауды талап еткен болатын.