Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы қаулысы шықты. Бұл туралы Ақорда хабарлады. «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі мен қаһармандығы үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын:
Әбдібеков Төлеуғали Насырханұлы (марқұм) | – | 8-гвардиялық Қызылтулы атқыштар дивизиясы 302-ші гвардия атқыштар полкі 2-атқыштар ротасының мергені |
Несмиянов Александр Александрович (марқұм) | – | 126-Горловка Қызылтулы атқыштар дивизиясы 690-атқыштар полкі 1-атқыштар батальонының командирі |
Сүлейменов Ыбырайым (марқұм) | – | 100-бөлек атқыштар бригадасы атқыштар батальоны 2-бөлімшесінің мергені-бақылаушысы. |
Бұған дейін соғыс ардагерлеріне миллион теңгеден берілетінін хабарлаған болатынбыз.