Алматыда ер адам әйелін қорғаймын деп қартайған анасын өлімші етіп сабап тастаған – прокуратура
Алматыда ер адам әйелін қорғаймын деп қартайған анасын өлімші етіп сабап тастаған – прокуратура
Фото: aikyn.kz
162
оқылды
Алматыда зейнеткер әйелді өлімші етіп сабаған ер адам екі айға қамауға алынды. Прокурорлар жанжалдың мән-жайын айтты, – деп жазады sputnik.kz. Жәбірленуші әйел – ер адамның туған анасы. Тергеу барысында зейнеткер келініне ұрсып, балағат сөз айтқаны, жанжал содан басталғаны белгілі болды.
«49 жастағы ер адам әйелін қорғаймын деп туған анасын соққыға жыққан. Зейнеткер көптеген дене жарақатын алды. Миы шайқалып, денесі көгерген. Беті жараланып, қолы сынған», – деді Алатау ауданы прокуратурасының қызметкерлері.
Тергеу жүргізіліп жатыр.