Түркістан облысында түрмеге жасырын камерасы бар көзілдірікті өткізбек болған
Түркістан облысында түрмеге жасырын камерасы бар көзілдірікті өткізбек болған
Фото: otyrar.kz
Түркістан облысында абақтыға алғаш рет ерекше сәлемдеме келді, – деп жазады Otyrar.kz. Сотталған адамға портативті камерасы бар көзілдірік жолданған. Сәлемдемені қылмыстық атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері тексеріп, камерасы бар көзілдірікті анықтады.
«Сотталған адамға келген пошта сәлемдемесін тексеру барысында ішіне жасырын микробақылау камера орнатылған арнайы көзілдірік табылды», – деді қызметкерлер.
Көзілдірік ауыр және аса ауыр қылмыс (адам ұрлау, бопсалау, терроризм) үшін 14 жылға сотталған, бұрын сотты болған жазасын өтеушіге  жіберілген. Аймақта жыл басынан бері сәлемдеме арқылы тыйым салынған заттарды өткізбек болған 20-дан астам әрекет тоқтатылды. Әсіресе, есірткі мен ұялы телефондар өткізу жиі кездеседі. Камерасы бар көзілдірікті өткізу әрекеті алғаш рет кездесіп отыр.