Алматыда оқушы қыз өз үйінің ауласында асылып қалды

Алматыда оқушы қыз өз үйінің ауласында асылып қалды

Алматыда 2006 жылы туған қыз өзіне өзі қол жұмсады. Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 4 мамырға қараған түні Медеу ауданында болған.

«2006 жылы туған мектеп оқушысы өз үйінің ауласында асылып қалған. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Бұл факт Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша тексеріліп жатыр», – деді Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Оқиғаның себебі тексеруден соң анықталады. Бұған дейін Алматыда ер адам әйелін қорғаймын деп қартайған анасын өлімші етіп сабап тастағанын хабарлаған болатынбыз.