Президент жарлығымен бірқатар азаматқа жоғары әскери атақ берілді
Президент жарлығымен бірқатар азаматқа жоғары әскери атақ берілді
276
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер және біліктілік сыныптарын беру туралы» Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Жарлыққа сәйкес, генерал-полковник әскери атағы:
Жақсылықов Руслан Фатихұлына;
1-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені:
Нұрдәулетов Ғизат Дәуренбекұлына;
генерал-лейтенант әскери атағы:
Ізтілеуов Серік Бақытжанұлына, Ильин Юрий Викторовичке;
авиация генерал-лейтенанты әскери атағы:
Карбенов Нұрлан Жанайдарұлына;
ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты арнаулы атағы:
Сағымбаев Ермек Алдабергенұлына;
полиция генерал-лейтенанты арнаулы атағы:
Қожаев Марат Шәдетханұлына;
генерал-майор әскери атағы:
Воронкин Константин Юрьевичке, Жазықбаев Шайх-Хасан Саттарқұлұлына, Жүсіпов Сәкен Сауытбайұлына, Күлдіков Марат Мұхаметқалиұлына, Күлшімбаев Ибрагим Дәукесұлына, Сәбидолданов Мұхтар Сұлтанбекұлына, Шекарбеков Сәкентай Амантайұлына;
авиация генерал-майоры әскери атағы:
Қоңыров Руслан Зарлықұлына, Топаев Нұрболат Еркебайұлына; ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнаулы атағы: Әбділманов Марат Мейірханұлына, Жұмағалиев Тамерлан Тельманұлына, Жүнісов Таңат Рымбекұлына, Неталиев Рүстем Бекетұлына;
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің генерал-майоры арнаулы атағы:
Әрінов Шыңғыс Сайранұлына, Байбосынов Батырбек Бердібайұлына, Исабеков Сәкен Сайынұлына; полиция генерал-майоры арнаулы атағы: Арыстанов Атығай Ғазымбекұлына, Әділов Санжар Әскенұлына, Сұлтан Бектөре Жеңісбайұлына, Таев Думан Әшкенұлына, Файзуллин Ерлан Жұмасейітұлына;
3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені:
Абаев Ерлан Масғұтұлына, Алиханов Марат Тілеуқабылұлына, Дәуешов Халидулла Зиноллаұлына, Ожаров Ризабек Кәрімұлына, Өмірәлиев Жандос Жәнібекұлына;
3-санатты жоғары біліктілік сыныбы:
Ахметов Мұрат Жамбылұлына, Елемесов Жеңіс Фарахатұлына, Ерғарин Дәурен Тілекұлына, Жұмағали Асхат Жұмағалиұлына, Малахов Дмитрий Михайловичке, Өтеев Шаттық Тынымбайұлына, Райысов Ұлан Ермұханұлына, Шакенов Денис Владимировичке, Элиманов Жанат Қалдыбекұлына беріледі.