Алаяқтар автонесиелеу қызметін ұсынып, 70 адамды алдап кеткен
Алаяқтар автонесиелеу қызметін ұсынып, 70 адамды алдап кеткен
236
оқылды
Маңғыстау облысында алаяқтықтың жаңа тәсілі пайда болды. Бұл жолы тиімді автонесиелеу қызметі ұсынылып жатыр, осыған сенген адамдар ақырында көлігінен айырылып тынады.
Ақтау прокуратурасының мәліметінше, осындай алаяқтық түрінен 70 адам зардап шеккен, – деп жазады lada.kz. Алаяқтар азаматтарға орташа есеппен 200-ден 500 мың теңге аралығында ақшалай сыйақы үшін тиімді автонесие ресімдеуге, оны қысқа мерзімде жабуға уәде береді.
Бұл арада алаяқтық құрбаны көлігін қаскөйге өз еркімен сеніп тапсырады, ол адал азамат ретінде автонесиенің бастапқы жарнасын және несие бойынша ай сайынғы төлемдерді төлей бастайды, бірақ бұл тек алғашқы айларда ғана. Осы кезең ішінде көлікті иемденген әлгі адам оны нарықтағы бағадан төмен құнда сатылымға шығарып, ал сатып жібергенде несие бойынша төлемді төлеуді бірден доғарады, – дейді Ақтау қалалық прокуратурасы.
Полиция басқармасындағылар тергеу барысын қала прокуратурасының бақылауына алынғанын, қажетті тергеу әрекеттері мен жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу туралы нұсқаулар берілгенін айтты.