Ілияс Хамзин бразилиялық қарсыласын 58 секундта нокаутқа түсірді
Ілияс Хамзин бразилиялық қарсыласын 58 секундта нокаутқа түсірді
217
оқылды
Омбылық қазақ Ілияс Хамзин жұма күні Екатеринбургте өтіп жатқан RCC 11 турнирінде бразилиялық Виктор Фигейредоға қарсы жекпе-жекте мерзімінен бұрын жеңіске жетті, - деп хабарлайдыVesti.kz сайты. 77,1 келі салмақта өнер көрсеткен Хамзин бір минутқа жетпей қарсыласын нокаутқа жіберді. Осылайша Ілияс оныншы жекпе-жегінде екі жеңіліспен жеңіске жетсе, Фигейредо 12 жеңісімен бесінші сәтсіздікке ұшырады.