Премьер-министр Әлихан Смайылов қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады.
– Сіздерді Отан қорғаушы күнімен құттықтаймын! Бұл күні әскери қызметшілер, Қарулы Күштер ардагерлері мен Отан алдындағы қасиетті борышын өтеген барлық азаматтарға құрмет көрсетіледі. Елдің тыныштығын күзетіп, өз халқына қалтқысыз қызмет етудің жарқын үлгісін көрсетіп жүрген айбынды қорғаушыларымыздың қажырлы еңбектері мен ерлік істеріне қазақстандықтардың құрметі ерекше, - деп жазды Смайылов.
Ол елдегі бейбіт өмір мен татулықты сақтау тұрақты дамудың кепілі болып қала бермек екенін айтты.