Соғыс және тыл ардагерлері пойызда тегін жүреді
Соғыс және тыл ардагерлері пойызда тегін жүреді
522
оқылды
Қазақстандағы барлық соғыс ардагері мен тыл еңбеккері ҚТЖ пойыздарында тегін жүре алады. Мұндай акция «Жеңіс» бастамасы аясында Samruk-Kazyna Trust әлеуметтік жобаларды дамыту қорының ұйымдастыруымен жүзеге асып  отыр. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының мәліметінше 1935 жылдың 31 желтоқсанына дейін дүниеге келген соғыс ардагерлері мен мүгедектеріне және тыл еңбеккерлеріне теміржол көлігімен тегін жүру мүмкіндігі қарастырылған. Акция Қазақстан мен ТМД елдері аумағындағы пойыздардың ҚТЖ қызмет көрсететін бағыттарын қамтиды. Аталмыш жеңілдік 2014 жылдан бастап жыл сайын жасалып келеді. Былтыр көрсетілген тегін қызмет 550 реттен астам пайдаланылған. Науқан 2022 жылдың маусым айының соңына дейін жалғасады. Сондай-ақ ол тағы бір жылға ұзартылуы ықтимал.
«Науқан бойынша жол жүру құжаттарын рәсімдеу үшін билет кассасына жеке басты куәландыратын құжаттың түпнұсқасын және екінші дүниежүзілік соғысы ардагерінің немесе тыл еңбеккерінің куәлігін ұсыну қажет. ТМД елдеріне барған кезде тегін жол жүру құжаттары (билеттері) тек Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан сату пункттерінде рәсімделеді», – делінген  хабарламада.