Әскери бөлімде сарбаздар атасының суретін мақтанышпен ұстап тұрды
Әскери бөлімде сарбаздар атасының суретін мақтанышпен ұстап тұрды
524
оқылды
Шымкент қаласына қарасты Ұлттық ұланы 6506 әскери бөлімінің саптық алаңында 7 мамыр Отан қорғаушылар күні және Ұлы Жеңіс күніне арналған салтанатты іс-шара барысында жиырмадан астам әскери қызметшіге 1 және 2-ші дәрежелі "Ұлттық ұлан қызметінің үздігі" төсбелгісі табысталды. Сонымен бірге, қорғаныс саласында ерен еңбегімен көзге түскен 10 қызметшіге "Құқықтық тәртіпті сақтағаны үшін",  жиырмадан астам әскери қызметші бөлім командирінің грамоталарымен марапатталды. Биыл Ұлттық ұлан бас қолбашылығының бастауымен  әскери бөлімдердегі  іс-шара   "Батырларға тағзым" акциясы аясында  сапта тұрған әскери қызметшілерге  "Ұлы Отан соғысына" қатысқан туысқандарының суретін үлгі етіп ұстауға мүмкіндік берілді. «Бүгін атамның суретін қолыма ұстап барша қаруластарыма, командирлеріме үлгі етіп көрсеттім. Атама сияқты ерлікпен қаза тапқандар өте көп, олардың ерлігін, есімін біз мәңгі ұмытпауымыз керек»,- деді  қатардағы сарбаз Нұржас Ұзақбаев.

Шымкент қаласы