"Канело" Биволдан жеңілгеннен кейін реванш талап етті
"Канело" Биволдан жеңілгеннен кейін реванш талап етті
Фото: sports.kz
201
оқылды
Мексикалық боксшы Сауль Альварес (57-2-2, 39 КО) WBA Super нұсқасы бойынша жартылай ауыр салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жекте ресейлік Дмитрий Биволдан (20-0, 11 КО) жеңілгені туралы айтты, – деп хабарлайды Sports.kz. — Ол – ұлы чемпион. Мен жеңілдім. Ол жеңді. Бұл бокс, ешқандай себеп жоқ. Ол өте жақсы боксшы:  қашықтықты өте жақсы сезінеді", — деп мойындады Канело. Жекпе-жектен кейін бірден "Канело" реванш талап етті, оған Бивол: "ешқандай проблема жоқ" деп жауап берді. Осылайша, Альварестің Геннадий Головкинмен (42-1-1, 37 КО) трилогиясы қыркүйек айында емес, одан кейінірек  мерзімге ауыстырылуы мүмкін.