Азаматтар болашақтағы жаңа Қазақстан үшін дауыс бере алады - сенатор
Азаматтар болашақтағы жаңа Қазақстан үшін дауыс бере алады - сенатор
323
оқылды
Сенатор Ләззат Сүлеймен Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының ғалымдарымен кездесті. Депутат кездесу барысында институт ғалымдарының жұмысын жоғары бағалады және мемлекеттік тілді дамытуға қосқан үлестері үшін бүкіл ұжымға алғыс айтты. Сенатор институт активімен бірге Конституцияға енгізілетін түзетулер бойынша алдағы референдумды да талқылады. "Еліміздің болашағы үшін алдағы референдумның маңызы зор. Азаматтар осылайша конституциялық реформаны жүзеге асыруға тікелей қатысып, болашақтағы жаңа Қазақстан үшін дауыс бере алады. Ұсынылып отырған түзетулер бойынша өз пікірін білдіру үшін қазақстандықтардың басым бөлігі сайлау учаскелеріне келеді деп сенемін", - деді сенатор. Кездесуге қатысушылар сондай-ақ білім беру саласының өзекті мәселелері туралы, атап айтқанда, Қазақстанда рухани мәдениетті дамыту жөнінде ұсыныстар айтты. Кездесу барысында сенатордың сапары оқытушылар құрамының бастамаларын ілгерілетудегі маңызды қадам болып табылатыны айтылды. Ләззат Сүлеймен ғалымдар көтерген проблемалық мәселелер жан-жақты зерттеліп, кейіннен Сенат комитетінің жұмыс отырыстарының қарауына шығарылатынын атап өтті.