Ғасыр жасаған шахматшы көз жұмды
Ғасыр жасаған шахматшы көз жұмды
355
оқылды
Шахматшы Юрий Авербах 100 жасына қараған шағында көз жұмды. Қаралы хабар Ресей шахмат федерациясының ресми Telegram-арнасы арқылы тарады. Шахматшының қайтыс болу себебі көрсетілмеген. 8 ақпанда Авербах 100 жасқа толған болатын. «Авербах шахматтан КСРО чемпионы болды. КСРО құрамасында екі рет Еуропа командалық чемпионатында жеңіске жетті. Ол халықаралық Шахмат федерациясының (FIDE) мамырдағы рейтингінде 2445-орын алды. Өткен сәрсенбіде Ресей Президенті жарлығымен Авербах «Құрмет» орденімен наградталды», - деп жазды ria.ru ақпарат көзі.