«Барыс-Аренада» жұлдыздардың қатысуымен өтетін концерт жоспарланбаған - әкімдік
«Барыс-Аренада» жұлдыздардың қатысуымен өтетін концерт жоспарланбаған - әкімдік
215
оқылды
Әлеуметтік желіде 8 мамырда «Барыс Арена» ғимаратында концерт өтетіні туралы тараған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. «Концерт жоспарланбаған және болмайды. «Барыс Арена»  ғимаратының басшылығы, оның ішінде елорданың спорт және мәдениет нысандарын басқаратын компания МТЭКС басқармасы да концерттің шындыққа жанаспайтынын айтып, тұрғындарға үндеу тастады», - деді әкімдіктегілер. «Ұйымдастырушы Марат Әбиев концертті өткізуден бас тартқаны туралы ресми хабарламаға қарамастан, алаяқтық жолмен концертке шақыруды жалғастыруда. Осылайша, адамдарды адастыруда! Қала тұрғындарын арандатушылыққа бой алдырмауға шақырамыз. Заңсыз әрекеттері үшін жауапкершілік қарастырылған» деді  әкімдік. Айта кетейік, ұйымдастырушылар да концерттің тоқтатылатынын растап, Instagram парақшасында шараны белгісіз мерзімге кейінге шегеретіндерін мәлімдеген.