Нұр-Сұлтанда жол апатынан жүргізуші қаза тапты
Нұр-Сұлтанда жол апатынан жүргізуші қаза тапты
212
оқылды
Нұр-Сұлтанда жол апатынан жүргізуші қаза болды. Елордалық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 8 мамырда сағат 2:40 шамасында болған. "Toyota Camry көлігінің жүргізушісі Сембинова көшесімен Кенесары көшесі қиылысында бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетіп, осы уақытта Кенесары көшесінде келе жатқан Mercedes-Benz көлігімен соқтығысты", - делінген хабарламада. Төтенше жағдай салдарынан Mercedes-Benz көлігінің жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза болған. Toyota Camry жүргізушісі мен Mercedes-Benz көлігінің жолаушылары түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.