Әлібек Қалбайдың өлімі: күдікті ретінде ұсталған сарбаздың анасы араша сұрайды
Әлібек Қалбайдың өлімі: күдікті ретінде ұсталған сарбаздың анасы араша сұрайды
Фото: видеодан скриншот
319
оқылды
Жамбыл облысында қаза тапқан  сарбаздың өліміне кінәлі деген күдікпен ұсталған әскери қызметші Айболат Азаматұлының анасы Қазақстан Президентіне үндеу жасады.
Жамбыл облысының Гвардийский гарнизонына Маңғыстаудан шақырылған сарбаз Әлібек Қалбайдың өліміне кінәлі деген күдікпен қамауға алынған атыраулық Айболат Азаматұлының анасы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа видеоүндеу жасады, – деп жазады Sputnik.kz.
Әйел Қазақстан Президентіне үндеуінде қайғылы оқиғаға ұлының қатысы жоқ екенін айтты.
Ол Айболат Аманжоловты қамаудан босатуды және оған қатысты тергеуді тоқтатуды талап етті.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от АТЫРАУ | КАЗАХСТАН | 06 🌷 (@atyrauoil.official)

Еске сала кетейік, қатардағы жауынгер Әлібек Қалбай 22 сәуірде Жамбыл облысы Гвардийский гарнизоны базасында сап түзеу кезінде қаза тапқан болатын. Бұл туралы ақпарат қоғамда үлкен резонанс тудырды.
Бұған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та назар аударды.
Ол Қорғаныс министрінен, Бас прокуратурадан және басқа да құзырлы органдардан жан-жақты тексеру жүргізуді талап етті.
3 мамырда Қазақстан Ішкі істер министрлігі Оңтүстік өңірлік әскери-тергеу басқармасының ведомствоаралық тергеу-жедел тобы қылмыстық іс бойынша күдіктіні ұстағаны белгілі болды. Ол сол бөлімшенің әскери қызметкері Айболат Азаматұлы болып шықты.
Егер күдіктінің кінәсі сотта дәлелденсе, ол сегіз жылдан он екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.