"Құпияны 17 жыл жасырдым": Мақпал Жүнісова қызы Мерейге қатысты шындықты айтты
"Құпияны 17 жыл жасырдым": Мақпал Жүнісова қызы Мерейге қатысты шындықты айтты
© instagram.com/zhunusova.makpal
856
оқылды
9 мамыр күні Нұр-Сұлтан қаласында жеке концертін өткізген әнші Мақпал Жүнісова қызы Мерейге қатысты бар шындықты өзі айтып берді. 
"Шындықты мен айтпасам, кім айтады? Осы "қасқырдың аузы жесе де қан, жемесе де қан" дейді қазақ. Сол кезде ештеңе ұрттаған жоқпын. Концерттен кейін тамағымның "отырып" қалғаны рас. Бірақ менің қызымды иеленіп жатыр қазір, 17 жылдан кейін. Менің үйіме кірмеген адамдар, қызымның маңдайынан сүймеген адамдар арамызға от салып, иеленгісі кеп жатыр. Бауырға басқанымыз рас. Қай қазақ бауырына баспай жатыр? Зәкең екеумізде екі баламыз түсіп қалды. Содан кейін Зәкең менің туған бауырымның баласын сұрады. Менің анам Зәкеңе кетәрі деп айта алмады. Зәкең өзінің тегін беріп, қыз 18 келгенде айтам дейтін. Қазір қыз 20-ға келейін деп жатыр. Менің бұл сырды жасырып келе жатқаныма 17 жыл болды. Қызым өзінің бауырларын білсін деп айттым. Кінәламаңыздар. Қызым жылап, жылап, менен кешірім сұрады. "Мама, мені қайда кетеді дейсің", – деді. Папасының фамилиясын өзгертпейтінін айтты", – деді Халық әртісі.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от KYN.KZ (@kyn.kz)