Павлодар облысында ірі жол апаты болды
Павлодар облысында ірі жол апаты болды
235
оқылды
Павлодар облысында микроавтобус жол апатына ұшырап, 9 адам зардап шекті. Ресми мәліметке сәйкес, 9 мамыр кешкі сағат 20:40-та "Қалқаман-Керней" тасжолының 158-ші шақырымында Audi 80 B4 көлігі Volkswagen Crafter-ге соғылды. Екеуі де аударылып кеткен.
«Жол апаты салдарынан екі автокөлік жыраға аударылып кетті. Volkswagen Crafter-дің 1986, 2000 және 2005 жылғы төрт жолаушысы түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді» ,– деді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша үш адам – 1986 жылы туған ер адам, 1986 жылы туған әйел және 2005 жылғы жасөспірім санавиациямен қалалық ауруханаға жеткізілді.
"Бүгін жасөспірім облыстық балалар ауруханасына ауыстырылады. Әйел анестезиология, реанимация және интенсивті терапия бөлімінде жатыр. Ер адам нейрохирургия бөлімінде, оның жағдайы орташа ауыр болып отыр", - дейді дәрігерлер.