Америкалық танымал жұлдыздың портретін шашқа бейнелеп салған алматылық Меруерт Дәулетованың бүгінде қуанышында шек жоқ. Өйткені, шаштараз қыздың қолынан шыққан ерекше шаш үлгісін әйгілі Бруно Марс өзінің 25 миллионнан астам оқырманы бар Instagram-дағы парақшасында бөліскен. «Менің әнім шетелдерде де хит болған», - деп жазды америкалық өнерпаз. Бұл жаңалық «Экспресс К» сайтында жарияланды.
«Мен негізі бұл суретті бір жыл бұрын салғанмын. Басында Бруно Марстың фан-парақшаларына тарады, кейін репост жасады. Соның арқасында Бруно Марс байқады деп ойлаймын. Жалпы, маған негізі Бруно Марстың өзі ұнайды. Әндерін жиі тыңдап түрамын. Ол шынымен де талантты адам. Би билейді, өзінің әндеріне сөз жазады, ән жазады. Аспаптарда ойнай біледі. Маған талантты адамдар ұнайды», - дейді шаш үлгісінің авторы Меруерт Дәулетова.