ШҚО-да көпірден секірмек болған қыз құтқарылды
ШҚО-да көпірден секірмек болған қыз құтқарылды
Фото: inform.kz
290
оқылды
Өскменде 23 жастағы қыз көпірден секірмек болды. Бұл оқиға бүгін таңғы уақытта болған. Көпір арқылы өткен көлік жүргізушілері тосқауылдың арғы жағына өтіп алған қызды көріп, полицияға хабар берген. Оқиға орнына шұғыл түрде құтқарушылар мен тәртіп сақшылары жетті. Олар 23 жастағы қызды сөзге тарта бастаған.
«Қыздың көңілі сәл ауланған сәтте құтқарушылар мен полицейлер жылдам әрекет етіп, оны ұстап алды. Содан кейін қауіпті аймақтан алып шығып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды. Қазір оның өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ», - делінген ақпаратта.