Қорғаныс министрінің орынбасары Жамбыл облысында қайтыс болған сарбаздың өліміне қатысты пікір білдірді

Қорғаныс министрінің орынбасары Жамбыл облысында қайтыс болған сарбаздың өліміне қатысты пікір білдірді

Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалетдинов Жамбыл облысында әскери бөлімде қайтыс болған сарбаздың өліміне қатысты пікір білдірді, – деп жазады inform.kz.

«Күдікті де жуырда әскери борышын өтеуге келген. Мен қазір олардың қандай қарым-қатынаста болғанына жауап бере алмаймын. Оның үстіне екеуі де батыс өңірден. Біреуі Атырау облысынан, екіншісі Маңғыстау облысынан келген, – деді Сұлтан Қамалетдинов.
Бұған дейін Жамбыл облысында әскери бөлімде қайтыс болған сарбаз Әлібек Қалбайдың өліміне қатысы бар деген күдіктінің анасы араша сұрағанын жазған болатынбыз.