Қаржы пирамидасы бойынша екі компанияның ісі сотқа жолданды
Қаржы пирамидасы бойынша екі компанияның ісі сотқа жолданды
Фото: FinGramota.kz
181
оқылды
Бұл туралы Бостандық ауданының прокуратурасы хабарлады. Алматы қаласы Бостандық ауданының прокуратурасы «Astra Consulting Agensy» ЖШС және «Alpha Lux Consulting» ЖШС басшылары мен менеджерлеріне қатысты қаржы пирамидасы туралы қылмыстық істі сотқа жолдады. Оның қызметі салымшыларға 600 миллион теңгеден астам шығын келтірді.
"Тергеу барысында анықталғаны, ұйымдастырушылар мен менеджерлер ұялы телефондарға қоңырау шалып, қаржылық сауаттылық курстарына шақырған. Содан кейін олар салым сомасына байланысты әртүрлі проценттермен 124 салымшыны алдап, ақшаны сенімгерлік басқару туралы келісімдер жасаған. Инвесторларға салым сомасына байланысты жедел төлемдер беруге уәде еткен. Қылмыстық іс шеңберінде 6 адам күдікті ретінде танылып, оларға қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды", — делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс аяқталып, сотқа жолданды. Прокуратура органдары азаматтарға жоғары пайда табуға уәде беретін түрлі кәсіпорындарға қаражат салу туралы ұсыныстар алған кезде абай болуға шақырды.