Қостанайда прокуратура қызметкері өз-өзіне қол салды
Қостанайда прокуратура қызметкері өз-өзіне қол салды
© okg.kz
252
оқылды
Қостанайда прокуратура қызметкері өз-өзіне қол салып көз жұмды.  «Экспресс К» басылымының жазуынша, прокуратура қызметкерінің денесі қала шетіндегі орман алқабынан табылған.
«Қостанай қалалық прокуратурасы өз-өзіне қол жұмсау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Дегенмен өз-өзіне қол жұмсаудың егжей-тегжейлері әлі ашылған жоқ», - делінген хабарламада.
Қоғам мүддесі бөлімі қызметкерінің өзіне қол жұмсауына жеке басының мәселелері себеп болған деген болжам бар. Тінту кезінде оның көз жұмғанға дейін жазған хаты табылды. Оның артында әйелі мен кәмелетке толмаған жас баласы қалды.