Елордада 8-қабатта ілініп қалған қыз баланы құтқарған жігіт марапатталды

Елордада 8-қабатта ілініп қалған қыз баланы құтқарған жігіт марапатталды

ТЖ бірінші вице-министрі генерал-лейтенант Ибрагим Күлшімбаев батыр азамат Сәбит Шонтақбаевты «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісімен марапаттады. Ол елордада баланы терезеден құлап кетейін деп тұрғанда құтқарды. 11 мамыр күні сағат 10.21-де Ұлы Дала көшесі 27/1 бойында 8-қабаттың балконында баланың терезеде ілініп тұрғаны туралы хабарлама келіп түсті. Шақырту орнына жеке құрамнан 7 адам және 2 бірлік техникадан тұратын Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД бөлімшелері жедел жіберілді. Келген кезде сегізінші қабаттағы балконның карнизіне ілінген баланы ер адам құтқарғаны анықталды. 2019 жылы туған қыз бала құлайын деп тұрған кезде үйде баланың жанында ешкім болмаған. Қуантарлығы, біздің кейіпкеріміз 1985 жылы туған Сәбит Шонтақбаев жылап тұрған баланы көріп, ойланбастан өз өміріне қауіп төндіре отырып, санаулы секундтарда кішкентай қыздың өмірін сақтап қалды.

"Құрметті ата-аналар, бұл бала аман-есен құтқарылған сәтті оқиға, бірақ қайғылы нәтиже беретін көптеген фактілер бар. Балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмаңыз! Егер үйде кішкентай бала болса, терезелерді ашық қалдырмаңыз, өйткені бір секунд жеткілікті, бұл баланың өміріндегі соңғы сәт болуы мүмкін немесе оны жарақаттауы мүмкін", - делінген хабарламада.
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от AIQYN - Қазақстан жаңалықтары 🇰🇿 (@aiqyn.kz)