Астанада 8-қабаттан құлағалы тұрған қызды ер адам құтқарып қалды – видео
Астанада 8-қабаттан құлағалы тұрған қызды ер адам құтқарып қалды – видео
Фото: видеодан скриншот
783
оқылды
Астана тұрғыны Сәбит Шонтақбаев тұрғын үйдің 8-қабатында балконда ілініп тұрған қызды құтқарды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. Оқиға Ұлы дала көшесіндегі 27-1 үйде болған. Кішкентай қыз баланың балконға ілініп тұрғаны туралы хабарлама сағат 10.21-де түскен. Шақырту орнына Төтенше жағдайлар департаментінің 7 маманы мен 2 техникасы жіберілген.   https://youtu.be/bXtbdX-Xfi8 Құтқарушылар оқиға орнына жеткеннен кейін 8-қабаттағы балконда салбырап тұрған қызды төменгі қабатта тұратын ер адамның құтқарғаны анықталды. Оқиға болған сәтте 2019 жылы туған кішкентай қыздың ата-анасы үйде болған. Бірақ ата-анасы баласының балконда жүргенін білмеген.