Жамбыл облысында жол апатынан екі жолаушы көз жұмды, 33 адам зардап шекті
Жамбыл облысында жол апатынан екі жолаушы көз жұмды, 33 адам зардап шекті
© inbusiness.kz
131
оқылды
"Батыс Еуропа-Батыс Қытай" тас жолының 571-шақырымында ірі жол апаты болып, екі адам қаза тауып, тағы 33-і зардап шекті деп хабарлайды Жамбыл облысының полиция департаменті. Оқиға 12 мамыр күні сағат 15:50 шамасында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, ауа райының нашарлауынан (жаңбыр мен бұршақ) автобус жүргізушісі рөлді басқара алмай, сол бағытта келе жатқан трактор тіркемесімен соқтығысқан.
"Жол апаты салдарынан жүргізушінің көмекшісі мен автобустың жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. 33 адам ауруханаға жеткізілді, оның үшеуі жансақтау бөлімінде жатыр", - делінген хабарламада.
Қазіргі таңда аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі (Екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.