Оралда түрмеде болған төбелес 10 минутта тоқтатылды
Оралда түрмеде болған төбелес 10 минутта тоқтатылды
Фото: fondorientir.ru
228
оқылды
Оралда түрмеде төбелес болды. Салдарынан 10 адам жарақат алды. Бұл туралы БҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті хабарлады. Оқиға 10 мамыр күні шамамен сағат 05.00-де қауіпсіздігі орташа РУ-170/2 мекемесінде болды. Жатақханада жазасын өтеушілер бір-бірімен сөзге келіп, соңы төбелеске ұласқан. Төбелес 10 минут ішінде кезекші жасақтың күшімен тоқтатылды. Жарақат алғандар облыстық ауруханаға жеткізілді.
«Аталған дерек бойынша Орал қаласы полиция басқармасы Зачаган полиция бөлімі қызметкерлері ҚР ҚК 107-бабы 2-бөлігіне (денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру) сәйкес, сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр» делінген ресми хабарламада.
Оқиға орнынан ұзындығы 1 метр 6 дана металл тұрба, ұзындығы 1 метр 3 дана ағаш таяқ табылды. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, төбелесте 10 адам жарақат алды.