ШҚО-да браконьерлерден 2 тоннадан астам балық тәркіленді
ШҚО-да браконьерлерден 2 тоннадан астам балық тәркіленді
180
оқылды
Шығыс Қазақстан облысында «Нерест- 2022» жедел-профилактикалық шарасы өтіп жатыр. Шара аясында полицейлер браконьерлерден 2 тоннадан астам балық тәркіледі.
Операция басталғаннан бері ШҚО-да балық ресурсын заңсыз аулаған 195 жағдай анықталды. 187 адамға қатысты жалпы сомасы 2,5 млн. теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды, – деді ШҚО Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Елдос Закимов.
Жалпы «Нерест» ЖПІШ кезінде полиция құқық бұзушылардан 2 тоннаға жуық балық, 2900 метр синтетикалық ау, 32 балық аулау құралын тәркіледі. Келтірілген залал сомасы 10 млн.теңгеден асты.