Полигон жайы сөз болды
Полигон жайы сөз болды
314
оқылды
Өткен жыл мен жыл басынан бергі үш айда «AMANAT» пар­тиясының қоғамдық қа­был­дауына қатты тұрмыстық қалдықтарға (ҚТҚ) қатысты 72 шағым түсті. Арыздың көпшілігі Қарағанды (20 %), Ақмола (18 %), Шығыс Қазақстан (10 %), Қостанай (10), Павлодар (7 %) облыстары мен Алматы қаласына (7 %) тиесілі. Олардың басым бөлігі (75%) қоғамдық қа­былдаулардың өңірлерде өткізген кездесу кезінде айтылды. Өтініш-тілектердің 90 пайызы елді мекендердегі заңсыз күлтөкпелерді жоюға, оның тасымалдау құнын ар­зандатуға байланысты болды. Сондай-ақ күлтөкпелерді заң­дастыру жөнінде бірнеше өті­ніш түсті. – Бұл мәселеге қатысты бірнеше түйт­кіл бар. Біріншіден, күлтөкпені рә­сімдету құны тым қымбат. Екін­ші­ден, қатты тұрмыстық қалдықтарды жи­нау ісі бизнеске берілгеннің өзінде же­ке кәсіпкерлердің оны үйлерден та­сымалдауға арналған көліктері же­тіспейді. Тіпті, заңдастырылған күл­төк­песі жоқ ауылдар да жетіп арты­ла­ды. Мысалы, Ақмола облысында 158 полигон болса, оның заң бойын­ша рәсімделгені 28 ғана, – дейді «AMANAT» партиясының Респуб­ли­калық қоғамдық қабылдау басшы­сы­ның орынбасары Азамат Дулатұлы. Қазір қатты тұрмыстық қалдық­тар­ды тасымалдау мәселесі пар­тия­­ның бақылауына алынып, зерт­те­ліп жатыр.