"ӨКМ Операторы" шотына салынған шектеулер алынды
"ӨКМ Операторы" шотына салынған шектеулер алынды
252
оқылды
"ӨКМ Операторы" ЖШС-ның шотына салынған шектеулер алынды. Бұл туралы Қазақстанның бас прокуроры Берік Асылов Twitter-дегі парақшасында жазды. 
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бірлесіп қабылданған шаралармен "Оператор РОП" ЖШС-ның 198 миллиард теңгесi бар шотынан бұрын салынған шектеулер алынды. Үкімет одан 100 миллиардты жеңілдетілген автонесие алуға, қалған қаржыны басқа әлеуметтік жобаларға жолдады", - деп жазды Берік Асылов.
Еске салсақ, Президент Үкіметке «ӨКМ операторы» ұйымының утильдік алым жинауына тыйым салуын тапсырған еді.