Экс-чемпион Головкинді жекпе-жекке шақырды
Экс-чемпион Головкинді жекпе-жекке шақырды
240
оқылды
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) әлемнің экс чемпионы британиялық кіші Крис Юбенкпен (32-2, 23 КО) жекпе-жек өткізуі мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz. Бұл туралы британиялық спортшы Thaboxingvoice ютуб арнасына берген сұхбатында айтты. - Геннадий Головкин қыркүйек айында "Канеломен" жекпе-жек өткізе алмаған жағдайда Головкинмен қолғап түйістіргің келе ме? - Головкиннің менімен айқас өткізуіне тура келеді деп ойлаймын. Бұл кездесуді жылдар бойы күтіп келемін. Қазір орайы келіп тұрған секілді. Әрдайым үлкен жекпе-жектер өткізуге тырысамын. Оның екі титулды. Сондықтан бізге кездесу ұйымдастыру керек. - Рой Джонстың қол астында қалай дайындалып жүргеніңді көріп жүрміз. Головкинді құлатамын деп ойлайсың ба? Әлбетте. Қазір менің уақытым келді. Нағыз бабымдамын. Өзіме ыңғайлы орта салмаққа қайта оралдым. Сондықтан өз-өзіме сенімдімін.