Синоптиктер бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады.
Қызылорда облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде 15-20 м/с күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында найзағай жарқылдайды. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.
16 мамырда түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Желдің бағыты оңтүстіктен батысқа ауысады, облыстың шығысында, солтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Күндіз Павлодар облысының солтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде күндіз жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Нұр-Сұлтан қаласында 16 мамырда кей уақыттарда найзағай жарқылдайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Күндіз 16 мамырда Қарағанды облысының батысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.
16 мамырда Алматы облысының таулы аудандарында найзағай жарқылдайды. Батыстан жел соғады, найзағай кезінде күші 15-20, Жалаңашкөл ауданында екпіні 24-29 м/с.
Маңғыстау облысының батысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде шаңды дауыл соғады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с күтіледі.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі.
16-17 мамырда Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде найзағай болып, дауыл соғады.