Бұл туралы адвокат Сұңқар Нұрмағамбетов Facebook парақшасында хабарлады. "2014 жылы Ақжарқын Тұрлыбай Гуанчжоу әуежайында ұсталды. Сол жылы Ростов қаласының тұрғыны Мария Дапирка Хошимин қаласында қамауға алынды. Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығы қыздарды нигериялық есірткі тасымалдаушылардың құрбаны деп таныды, екеуі де өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты айтсақ, жақын арада Қазақстанға беріледі деп күтіп отырмыз", – деп жазды Нұрмағамбетов желідегі парақшасында. 21 жастағы Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылдың наурыз айында Қытайдың Малайзиямен шекарасында есірткімен ұсталған болатын.