Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
Фото: pogoda.delfi.ee
125
оқылды
«Қазгидромет» 17-19 мамыр күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің болжамынша, жаңбыр жауады. Алдағы үш тәулікте Қазақстанға Қара теңіз ауданынан ауысатын циклон елдің ауа райына ықпал етеді. Осыған байланысты еліміздің көптеген облысында жаңбыр жауады. 18-19 мамырда оңтүстік пен оңтүстік-шығыста, 19 мамырда солтүстікте нөсер жаңбыр жауады. Республика бойынша найзағай жарқылдап, бұршақ жауып, жел күшейеді. Оңтүстік-батыста дауыл соғады.