Полиция Қаскелеңде көшеде көкпар тартқандарды іздестіріп жатыр – видео  
Полиция Қаскелеңде көшеде көкпар тартқандарды іздестіріп жатыр – видео    
Фото: видеодан скриншот
426
оқылды
Алматы облысы Қарасай ауданында бір топ адам көшеде көкпар тартқан. Бұл туралы Алматы облыстық Полиция департаменті хабарлады.   «15 мамыр күні Қаскелең қаласында көкпар ұйымдастырылған. Іс-шара жергілікті әкімдіктің келісімінсіз болған. Көкпаршылардың қаладағы бірнеше көше бойында жүргені бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Аталған факті Қарасай аудандық полициясында тіркелді. Полицияға 34 жастағы тұрғын арызданды. Оның көлігін көкпаршылар бүлдірген» делінген ресми хабарламада.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от КАСКЕЛЕН И КАРАСАЙСКИЙ РАЙОН (@kaskelenkz)

Бұған дейін Жамбылда өнер адамдары көкпар тартқанын хабарлаған болатынбыз.