Жеңілдетілген 4 пайыздық автонесиені қалай алуға болады?
Жеңілдетілген 4 пайыздық автонесиені қалай алуға болады?
346
оқылды
«Өнеркәсіпті дамыту орталығы» акционерлік қоғамы автонесиелеу бағдарламасының 4 пайыздық жұмыс механизмін түсіндірді. 4 пайыздық несие рәсімдеудің қысқаша нұсқаулығы мынадай:
1. Бағдарламаға қатысушы адам дилерлік орталыққа барып, Қазақстанда жасалатын көліктердің ішінен өзіне қажетін таңдайды. 2. Егер ол таңдаған көлік (қалаған жиынтығымен қоса) бар болса, автосалон VIN-коды бар төлем шотын ұсынады. Ол төлем шоты 5 күнге жарамды. 3. Осы 5 күннің ішінде тұтынушы екінші деңгейлі банктердің біріне барып қолындағы VIN-коды бар төлем шоты арқылы өтінім рәсімдейді. 4. Банк өтінімді қабылдағаннан кейін өзінің электронды кезегіне тіркейді. 5. Несие беру туралы оң шешім шығару үшін банк өтінім иесінің төлем қабілеті мен несие тарихын тексереді. 6. Өтінім мақұлданса, банк кепілхат береді. 7. Тұтынушы ол кепілхатты дилерлік орталыққа (автосалонға) апаруы керек. Дилерлік орталық төлем шотын берген күн мен тұтынушы кепілхат әкелген күннің арасында бес күннен артық уақыт өтпеуі керек.
Әзірге бұл бағдарлама бойынша жұмыс істейтін 4 банк белгілі. Олар: «Халық банк», «Банк ЦентрКредит», «Форте банк» және Еуразиялық банк». Соның ішінде бүгін сағат 14.00-ден бастап «Центр кредит банкі ғана өтінім қабылдап бастады). «Өнеркәсіпті дамыту» қоры» акционерлік қоғамының басқарма басшысы Ғалымжан Әдидің айтуынша, осы аптаның ішінде қалған үш банк те қосылуы керек. Осы бағдарламамен қазақстандықтар KIA, Hyundai, Chevrolet, JAC, LADA брендтерінің жаңа жеңіл автомобильдерін сатып алу мүмкіндігі бар. Еске салайық, несие мына шарттармен беріледі:
  • сыйақы мөлшерлемесі - жылдық 4 пайыз;
  • кредит беру сомасы - 10 миллион теңгеден аспайды;
  • қаржыландыру мерзімі - 7 жылдан аспайды;
  • бастапқы жарна - 0 пайыздан бастап;
  • көлік құралының құны - 15 миллион теңгеден аспайды