Қазақстанда үш айда 828 нәресте шетінеген
Қазақстанда үш айда 828 нәресте шетінеген
Фото: twitter.com
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 1 сәуірге дейін Қазақстандағы халық саны – 19 178,8 мың адам. Оның ішінде қалалықтар – 11 419,8 мың (59,5%), ауылдықтар – 7 759 мың адам (40,5%). Былтырмен салыстырғанда, халық саны 238,3 мың адамға немесе 1,3% өсті. Биыл қаңтар-наурызда халықтың табиғи өсімі 2021 жылмен салыстырғанда (64,3 мың адам) 10,6% кеміп, 57,5 мың адам болды. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті – 1000 адамға шаққанда – 12,13 адам. 2022 жылғы қаңтар-наурызда туғандар саны – 95,6 мың. Бұл 2021 жылғы қаңтар-наурызға (100,5 мың адам) қарағанда 4,8% аз. Туудың жалпы коэффициенті – 1000 адамға 20,16. Биыл үш айда қайтыс болғандар саны – 38,1 мың адам. Бұл 2021 жылғы қаңтар-наурызға (36,1 мың адам) қарағанда 5,4% көп. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті – 1000 адамға 8,03 қайтыс болған адам. 2022 жылғы қаңтар-наурызда республикада 1 жасқа дейін 828 нәресте шетінеген. 2021 жылмен салыстырғанда (815 шетінеген нәресте) 1,6% артты. Нәресте өлім-жітімінің коэффициенті 1000 туғанға шаққанда 8,66 болды.