Ауласында көкнәрді күтіп-баптап өсірген егде жастағы әйел ұсталды
Ауласында көкнәрді күтіп-баптап өсірген егде жастағы әйел ұсталды
Фото: polisia.kz
794
оқылды
Түркістан облысында егде жастағы әйел ауласына көкнәр өсірген, – деп жазады Polisia.kz. Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов Келес ауданы тұрғындарының түйткілді мәселесіне назар аударып, жауап берді. ПД полицейлерден жедел топ құрып, Келес ауданына іссапарға барды. Полицейлер жан-жақты тексеру жүргізді. Нәтижесінде, полицейлер Келес тұрғынының өз үйінде көкнәр өсірумен айналысатынын анықтады. Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 300-бабымен СДТБТ-ға тіркеді. Егде жастағы әйелдің ауласын тінту кезінде көкнәр өсіргені анықталды. Айғақты зат ретінде күдіктіден 900-ге жуық түп өсімдікті тәркілеп, оларды сараптамаға жіберді. Жетеуі көкнәр, ал қалғаны көкнәр өсімдігінің көшеті болып шықты. Жергілікті тұрғынға қатысты заңсыз есірткі егіп, өсіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.