«Жаңарған QazaqGaz»: Ұлттық компанияның жаңа даму көзқарасы ұсынылды
«Жаңарған QazaqGaz»: Ұлттық компанияның жаңа даму көзқарасы ұсынылды
209
оқылды
Нұр-Сұлтан — «QazaqGaz» ҰК» АҚ топ-менеджменті компаниялар тобының еліміз бойынша жиналған қызметкерлерімен Town Hall форматында алғашқы кездесу өткізді.  Офлайн және онлайн режимде өткен кездесуге Сараптамалық кеңес мүшелері, Ардагерлер кеңесі, орта буын басшылары, сондай-ақ өндірістік филиалдар мен еліміздің барлық өңірлері газ тасымалдау жүйесі объектілерінің басшылары және инженерлік құрам мен қатардағы қызметкерлерден тұратын шамамен 500-ге  жуық адам қатысты.  Ұлттық компания басшысы Санжар Жаркешов кәсіпорынның дамуына қатысты жаңа көзқарасты ұсынып, негізгі басымдықтарды айқындады.    width= Санжар Жаркешовтың айтуынша, «Жаңарған QazaqGaz» көзқарасы 5 бағыттан тұрады. Біріншісі — Президенттің компанияға толық аудит жүргізу туралы тапсырмасын орындап, қызметтің транспаренттілігін қамтамасыз ету, сондай-ақ ірі жобаларды іске асыру. Оның ішінде, Маңғыстау және Атырау облыстарының газ тасымалдау жүйелерін, Алматы қаласының ЖЭО-2, 3 қайта жаңарту, Қашаған газ өңдеу зауытын, сондай-ақ Түркістан облысында бу-газ қондырғыларын салу жоспарда бар.  width= «Бұдан басқа, газбен жабдықтау нарығының барлық қатысушыларының күш-жігерін шоғырландыру және сенімді серіктес беделін қалыптастыру қажет. Ұлттық компания мәртебесіне ие бола отырып, біз халықты үздіксіз газбен қамтамасыз етуге міндеттіміз. Біз, сондай-ақ сатып алулардың айқындылығын арттыруды және елдегі өндірісті оқшаулау арқылы сатып алулардағы жергілікті қамтуды дамыту арқылы шығындарды оңтайландыруды жоспарлап отырмыз. Компания алдында үлкен жоспарлар тұр: өндірілетін газ қоры 100 жылдан астам уақытқа жетеді, ал пайдалануға қажет тауарлық газ қоры жеткіліксіз – жуық арада тауарлық газ жетіспеушілігі пайда болуы мүмкін. Қазақстан мен әлемде газға деген сұраныстың өсуі және газ тасымалдау жүйесінің тозуына байланысты еліміздің энергетикалық қауіпсіздігі мәселесі күн тәртібіне шығып отыр. Ұлттық компания атандық, енді өз өндірісімді дамытып, газымызды өңдеу де бүгінгінің жоспары. Қазақстандағы газ бағасы да компания үшін шығынды болып отыр, бұл да жағдайды күрделендіруде. Аталған мәселелерді шешуде газ саласын дамыту мен «Жаңарған  QazaqGaz кешенді стратегиясын жасау керек», – деп атап өтті өз сөзінде Санжар Жаркешов. Екінші бағыт адам капиталын дамытуды қамтиды. Бұл – меритократия, транспаренттілік қағидаттарына және өндірістік персоналдың еңбек жағдайын жақсартуға негізделген кадр саясатын жаңарту және жетілдіру. Үшінші бағыт компанияның даму стратегиясын әзірлеу, оның ішінде газбен жабдықтау нарығының барлық қатысушыларының күшін шоғырландыруды қамтиды, оның ішінде трансұлттық компаниялар, Қашаған, Теңіз, Қарашығанақ және Жаңажол және т.б. секілді жер қойнауын пайдаланушылар бар. Төртінші бағыт — газ тасымалдау жүйесін тиісті пайдалану және ішкі нарықты қорғау арқылы газбен үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз ету. Бесінші бағыт – Компанияның сатып алуларының айқындылығын арттыру және сатып алудың жаңа моделін енгізу жолымен шығындарды оңтайландыру, оның ішінде сатып алудағы жергілікті қамтуды дамыту және өндірісті ҚР-да оқшаулау, сондай-ақ компаниялар тобының активтерін монополиясыздандыру және оңтайландыру және делдалдық құрылымдарды алып тастау бойынша ұсыныстар әзірлеу.    width= Сонымен қатар, басқарма төрағасы, компанияның жаңартылған басшылығының екі ай ішіндегі жұмысының нәтижелерін ұсынды. Атап айтқанда, ол еліміздің газ саласын дамытудың кешенді жоспары пысықталып, мемлекеттік органдармен келісілгенін атап өтті. Баға белгілеудің әлеуметтік-әділ реформасы бойынша шаралар кешені әзірленді. Түркістан облысының  22 елді мекенінде газ тарату желілері пайдалануға берілді, аталған облыс халқы көгілдір отынды соңғы 10 жыл бойы күткен еді. Компанияда алғаш рет еңбек, қоршаған орта және өндірістегі қауіпсіздік техникасына жауапты HSE (Health, Safety&Environment) қызметінің басшысы лауазымы енгізілді. Сонымен қатар, компанияның шығындарын азайтуға ықпал еткен 100 млрд теңгеден астам соманың делдалдық схемалары сәйкестендірілді. «60 күн ішінде біз ішкі нарықты тауарлық газдың қосымша көлемімен қамтамасыз еттік. Жекелей алсақ, ТШО-ның 600 млн текше метр экспорттық газы ішкі нарықтың қажеттілігіне жұмсалды. Ішкі нарық үшін Оңтүстік Ақсай кен орындарында қосымша 100 млн текше газ ішкі нарыққа жіберіледі. «Қашаған» ГӨЗ құрылысының қуаттылығы жылына 1 млрд м³  болатын жеке жоба «QazaqGaz»-ға берілді. Жылу беру кезеңінде газбен үздіксіз жабдықтау қамтамасыз етілді, ал өндірістік жұмыстар апатсыз жүргізілуде. Бұл соңы емес, біздің алдымызда көптеген, оның ішінде «Жаңарған QazaqGaz» стратегиясын әзірлеу міндеттері тұр», – деді басқарма төрағасы. «Жаңарған QazaqGaz» стратегиясы тігінен біріктірілген басты бес аспектіге негізделеді:
  1. Тауарлық газдың ресурстық базасын ұлғайту
  2. Газдың ішкі нарығын дамыту
  3. Газ химия мен газ өңдеуді дамыту
  4. Газдың транзиті мен экспортын дамыту
  5. Инвестициялық және операциялық тиімділік
 width= Сондай-ақ, Санжар Жаркешов компаниялар тобы бойынша өндірістік персоналдың жалақысы 15%-дан 45%-ға дейін өскенін атап өтті. Бұдан басқа, «QazaqGaz» ҰК» АҚ басшылығының жаңартылған құрамы барлық өңірлерден компаниялар тобы қызметкерлерінің сұрақтарына, соның ішінде еңбекақы төлеу, өндірістегі жағдай мен қауіпсіздік техникасын жақсарту, персоналды оқыту және т.б. қатысты сұрақтарға жауап берді. Іс-шара соңында операциялық воркшоп-сессиясы өткізілді, оның нәтижелері бойынша компаниялар тобының қызметкерлері QazaqGaz болашақ даму стратегиясын қалыптастыруға өз үлестерін қосты.