Ұлттық музей "Арыстанбек Мұхамедиұлы қайтыс болды" деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді
Ұлттық музей "Арыстанбек Мұхамедиұлы қайтыс болды" деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді
фото: prosports.kz
262
оқылды
Ұлттық музейдің баспасөз қызметі "Арыстанбек Мұхамедиұлы қайтыс болды" деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді. 
"Бүгін таңертеңнен бері "Арыстанбек Мұхамедиұлы өмір озды" деген жалған ақпараттар мен алыпқашпа хабарландырулар кеңінен таратылып жатыр. Ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл ақпараттардың шындыққа жанаспайтынын хабарлай отырып, жеке тұлғаның өмірі жайлы жалған мәлімет тарату, бұқара халыққа теріс ой салуға әрекет ету қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеміз. Құрметті достар! Фейк аккаунтпен әлеуметтік желілерде жалған ақпарат таратпауға, тек ресми дерек көздеріне сенуге шақырамыз", – деп жазды Ұлттық музейдің баспасөз хатшысы Айдар Қырықбай.
Оның айтуынша, Арыстанбек Мұхамедиұлы жансақтау бөлімінде жарты күн ғана жатқан. Қазір палатаға шығарылған. Бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Арыстанбек Мұхамедиұлы қаржы қымқыру күдігіне ілінгенін хабарлаған болатын.